Спорт

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы тағы бір мәрте жеңіске жетті

АҚШ-тағы жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, он екінші раундта нокаутқа түсірген. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 

Ол мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Мейірім Нұрсұлтанов оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген Нұрсұлтан оныншы жеңісіне жетіп отыр.

Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Мадияр Әшкеев. Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды.