Көзқарас

Аша Матай кімге ренжулі?

Танымал тұлғалар арасындағы қақтығыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі тележүргізуші бір жарым жылдан бері аты шулы "Qalaulym Live" жобасын жүргізеді. Босанатын мерзімі жақындағандықтан тікелей эфирді жүргізуді шамалы уақытқа тоқтатқан болатын. 

Жақында ғана екінші рет ана атанған танымал тележүргізуші,актриса өзінің инстаграм парақшасында өз ренішін білдірді.

Отандық телевизияға қадам басып келе жатқан "Salem Social Media" студиясының "OYBAY SHOW" жоба жүргізушісі Мұхит Сапарбай халықтың көзін ашамын, шындықты су бетіне шығарамын деген мақсатта "Qalaulym Live" жобасының талай шындығын жағаға шығарды. Жобадан шығып кеткен қатысушылармен кездесу жасап, "олар қазір қайда? Немен айналысып жүр?" деген түбірлі сұрақтарға нүкте қойды. Жобада жалған рөл ойнап, күніне 6250 теңге алатынын, тек рейтинг үшін жасалған жоба екенін халыққа ашып көрсетті. Рейтинг үшін емес, сапалы жұмысқа бағытталса бәлкім бүгінгі дау басқаша болар ма еді?

Алайда Аша Матай жобаның шынайы екендігін айтып, әлі қайтар емес.

"Жобаның бұрынғы қатысушыларының бұл қылығы келіспеушіліктен,эмоциядан немесе жай ғана қызғаныштан туындауы мүмкін. Кімнің аузына қақпақ қоямыз. Жалпы бұл бағдарламаны көргісі келетіндер көрсін, көргісі келмесе ешкім зорламайды, әркімнің өз пікірі өзінде болғаны дұрыс. Тек мәдениетті болуға тырысайықшы. Өз басым, осы уақытқа дейін ешкімді, өнер адамдарын, телевидение немесе басқа бағдарламаларды жамандап көрмеппін, ұсақ пиар, ұсақ бедел жинағанды жек көремін, - деп зілді пікірін жеткізді.

Бұл бағдарламаны жақтағандардан жақтырмайтындардың саны көп. Алайда қазіргі күні қалаулымнан бақ тапқан арулардан гөрі арзан атақ пен абыройын төмендеткендер саны басым. "Ел болам десең, экраныңды түзе" деп қанша танымал тұлғалар тырысса да, еш нәтиже жоқ. Бүгінде жалғыз сұрақ - "Қалаулым" қашан жабылады?

Қазақтай текті ұлттың тектілігін төмендететін бағдарламаның тамырына балта шабар кез жетті. Бұрында ата-бабамыз "Қалаулымсыз-ақ" қалаулысын тапқанын естен шығармаған абзал.