Қоғам

Қордайдағы қақтығыс туралы шетелдік БАҚ не дейді?

Арандатушылар кінәлі ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде орын алған қақтығыста он адам қаза тапты. Үйлер өртке оранып, көліктер қирады. Билік жағдайдың «арандатушылардың» кесірінен ушыққанын мәлімдеді, деп жазды BBC News  ақпараттық агенттігі.

Президент объективті түрде тергеу жұмыстарын жүргізуді және кінәлілерді анықтап, жазалауды талап етті. Бірақ сарапшылар мұндай оқиғаның орын алуына сыбайлас жемқорлық, кедейлік және мемлекеттік органдардың әділетсіздігі түрткі болып отыр деп есептейді.

Арандатушылар кінәлі ме?

Ақпарат министрі Дәурен Абаев жағдайдың қалай болғанын анықтауға уәде берді.  Куәгерлердің айтуынша, жанжал жаппай төбелеске ұласқанға дейін-ақ Сортөбе және Масаншы ауылдарында бірнеше күн бұрын басталған.

Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, Масаншыда басталған төбелеске көрші ауылдардың тұрғындары  да – жалпы алғанда бірнеше жүз адам қатысқан. Нәтижесінде он адам қаза тапты. Өрт салдарынан 25 үй қирап, 30-дан астам коммерциялық нысан мен 40-тан астам автокөлікке қирады.

Билік оқиғаға тұрмыстық қақтығысты ұлтаралық қақтығысқа ұластыруға тырысқан арандатушылар кінәлі деп санайды. 

Шынында да Масаншыда дүнгендер, XIX ғасырдың екінші жартысында Орта Азияға қоныс аударған қытайлар тұрады.  Ауылдың  90%-дан астамы – дүнгендер. Десе де, мұны «ұлтаралық қақтығыс» деп, ал кінәлілерді «арандатушылар» деп бәрін бір шыбықпен айдауа бола ма?

Мұндай оқиғалардың Қазақстанда орын алып отырғаны алғаш рет емес. Алайда қақтығыстан қаза тапқандар саны Масаншыда салыстырмалы түрде көп.

- Бұл қақтығыстың негізінде елдегі әлеуметтік шиеленіс жатыр, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. - Назарбаевтың кезінде билік қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешетін бірде-бір тетік құрмаған. Биліктің жолы болмады, - дейді ол.

Қазақтар ел халқының 65%-н құрайды. Дүниежүзілік Банктің мәліметі бойынша, ел халқының 8,6%-ы – кедей. Бірақ Қазақстанның Статистика комитеті бұл санды 4,7% деп көрсетіп отыр.

- ...Адамдар «нашар» әлеуметтік саясаттың құрбанына айналды, - дейді саясаттанушы Сәтпаев.