Саясат
Соғыс қыза түсті
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАнкараның мәліметі бойынша Түркия жасағы Идлиб маңында өзін қорғау мақсатында Асад әскерлеріне соққы жасауда.
Идлибте Түркия Асад әскерінің 115 нысанына соққы берген. Бұл туралы 10 ақпанда Түркияның қорғаныс министрлігі хабарлады.
- Жауап ретінде 115 нысанаға соққы жасалды. 101 сарбаз, үш танк, екі зеңбірек пен тікұшақтың көзі жойылды. Өзімізді қорғау мақсатында соққы жасауды жалғастыратын боламыз, - деді Түркия қорғаныс министрлігі.
Дүйсенбі күні Асад әскерилері Түркия сарбаздарына шабуыл жасап, 5 сарбаз көз жұмған болатын. Анкара бірден соққымен жауап қайтаруда.