Weekend
Оскар жеңімпазы - кинода!
Оскарда ең үздік грим және шаш үлгілері номинациясы бойынша жеңімпаз атанған фильм – «Жанжал» (Скандал).
«Жанжал» - Чарльз Рэндольфтың сценарийі бойынша түсірілген Джей Роучтың 2019 жылғы драмалық фильмі. Бұл оқиға Fox News-тің бас директоры Роджер Айлзді жыныстық зорлық жасады деп айыптаған бірнеше қызметкердің оқиғаларына негізделген.
Фильмдегі басты рөлдерді Шарлиз Терон, Николь Кидман және Марго Робби сомдады. Қосалқы рөлдерде Джон Литгоу, Кейт Маккиннон, Конни Бриттон, Малкольм Макдауэлл және Эллисон Дженни.
Фильмнің АҚШ-тағы шектеулі шығарылымдағы премьерасы 2019 жылдың 13 желтоқсанында өтті, 2019 жылдың 20 желтоқсанында ауқымды прокатқа шықты. Қазақстанда премьера 2020 жылдың 13 ақпанына жоспарланған.