Weekend
Ел жаңалықтары
Математика, физика және информатика пәндерінен өтетін дәстүрлі білім жарысы биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан шараға биыл алғаш рет АҚШ пен Дания сияқты мемлекеттерден қатысушылар келді. Ал, жалпы 18 елдің үмітін арқалаған 540 оқушы бақ сынайды. Оның ашылу рәсімінде әлемнің әр қиырынан келген командалар мен халықаралық дәрежедегі қазылар алқасының мүшелері таныстырылды. Олар алдағы үш күн бойы түрлі сындар арқылы біліміне баға береді.
Алмас Күнғожин, республикалық физика-математика мектебінің директоры: - Әр команда үш математик, екі физик және екі информатик әкеледі. Осы жеті баланың нәтижесімен командалардың рейтингі шығады.
Дереккөз: Қазақстан ұлттық арнасы