Жер бетіндегі аумағы бойынша ең үлкен қала Қазақстанда екенін білесіз бе?

Қазақстандағы ең үлкен қала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан жайлы көпшілік біле бермейтін деректер өте көп. Еліміздегі ең үлкен қала Алматы деп ойласаңыз, қателесесіз. 

Ол Астана (Нұр-Сұлтан) да емес. Қазақстандағы аумағы бойынша ең үлкен қала — Қостанай облысындағы Арқалық қаласы.⠀

Қала ауданы 15 587 км-ді құрайды. Мұндай территорияға 22 Алматы немесе 21 астана сыйып кете алады екен. Осыған дейін қала ауданы бойынша ғаламшардағы ең ірі қалалардың бірі болып есептелген, дегенмен қазір де, әлемдегі үлкен қалалардың бірі. 

Мәселен, Нью-Йорк қаласы ауданы жағынан Арқалық қаласымен салыстырғанда 10 есе кіші. Тарихи есептеулерге қарағанда, Арқалық геологтар мен құрылысшылардың ауылы ретінде 1956 жылы негізі қаланып, кейін боксит рудаларын игерген соң қалаға айналған. 1980-жылдардың бірінші жартысында қала гүлдене бастаған. Алайда орналасқан аймақтың ыңғайсыздығы мен инфрақұрылымының нашарлығы салдарынан 80-жылдары қайта құлдырай бастаған.⠀

Қазір қала өзінің үлкен аумағына қарамастан, тұрғындарының саны аз (40 мыңнан аса) қала орталығы болып есептеледі. Қаладағы басты проблемалардың бірі көлік мәселесіне қатысты. 2012 жылға дейін бір ғана Арқалық-Есік бағытындағы темір жол тармағы жұмыс істеп тұрған. Сондықтан 2012-2014 жылдары оңтүстік бағытта жүретін тағы екі теміржол тармағы салынып, жағдай біршама түзелген.