Weekend

Ғашықтар күніне сүйіктіме не сыйлаймын?

14 ақпан Әулие Валентин күні (Valentine's Day)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарихы тереңде жатқан Валентин күнін ескерусіз қалдырмай әлем халықтарының басым бөлігі атап өтеді. 

Валентин күні сүйіктісіне өз сезімін білдіре алмай жүрген жандар үшін тамаша мүмкіндік. Бір қызығы, бұл мейрамда әр мемлекеттің  дәстүрлі, беруі тиіс сыйлықтар тізімі бар екен.

Бәлкім сізге де сыйлық алып, өз сезіміңізді білдіріп,сүйіктіңізді қуантуға жаңа идея туындап қалар.

Жапон халқында бұрыннан қалыптасқан ереже бойынша міндетті түрде шоколад сыйлау басты үрдіске айналған. Тағы да айта кететін бір қызық факт бұл күнді «Ерлердің 8 наурызы» деп те атауға болады, себебі әйел адамдарға қарағанда ер адамдар бұл күні көп сыйлыққа кенеледі. Мысалы, ерлерге арналған аксессуарлар, лосьон сынды дүниелер сыйлыққа алады.

Ал,жер жұмағы – Дания ғашықтары бір-біріне кептірілген ақ гүлдерді тарту етеді. Алып ұшқан махаббатың мекеніне айналған Францияда бір-біріне бағалы сыйлықтар, романтикалық кештерді ұйымдастырып, елеусіз қалдырмайды.

Тіпті, бұл мейрамды заңды түрде атауға рұқсат берілмейтін мемлекеттер де бар болып шықты. Сауд Арабияда тойлаған адам басына айыппұл салынады.

Қыздарға ашық хат пен қоса архидея немесе  өз қалауыңыздағы  гүлді тарту етуіңізге болады. Сәнді орамал, қол сағатын, сырға немесе екеулеріңізге ортақ фотоальбом құрастыруыңызға болады.

Жігіттерге қол сағат, парфюм, мойын орағыш, галстук және галстукқа қыстырғыш,толстовка немесе  худи, тіпті, сезімдеріңіз  жазылған қорапты сыйға тартыңыз. Әрине, ерлерге арналған басты  бағалы сыйлық шұлықты ұмытпағаныңыз жөн!

Ал сіз бұл күнді қалай өткізесіз?