Bugin
Кенгуру
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАвстралиядағы орман өрттері 1 млрд жануардың өмірін алып кетті, деп хабарлады Сидней университеті. Олар өткен жылдың қараша айында басталып, қаңтар айында Аргентина мен Чилиге жетті.
Өрт Австралияның оңтүстік-шығысында көп тараған, бірақ құрлық түгелдей өртке оранды деуге болады.
Апат салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, 2 мың үй қирады.
Қаңтар айының басында өрттерден түтін Жаңа Зеландияға, ал осы аптада Аргентина мен Чилиге дейін жетті.
Апатпен күреске 3 мың резервші тартылды.
Көптеген жануарлар оттан емес, олардың тіршілік ету ортасының бұзылуынан өледі. Ғалымдар Австралияның биоалуантүрлілігі қысқарып келе жатқанын айтады.