Саясат
Die Welt: Ресей АҚШ санкцияларының артықшылығын пайдаланды
Газеттегі ақпарат бойынша, Вашингтон Мәскеуге санкция салған. Ал АҚШ-тың Иран мен Венесуэла сияқты басқа елдерге қатысты шаралары Ресей шикі мұнайының экспортын ұлғайтуға көмектескен.
Газетте АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат агенттігінің деректері келтірілді. Ақпаратқа сәйкес 2019 жылдың қазанында Ресей АҚШ-қа мұнай жеткізуші екінші мемлекет атанған. (Оның алдында – Канада, кейін – Мексика). Сонымен қатар олар қарашада мұнай өнімдерін жеткізу бойынша тарихи рекорд орнатқан. Бұл өткен жылғы деңгейден екі жарым есе асып, 19,2 миллион баррельді құраған.
Газеттің хабарлауынша, мұнай саласындағы ресейлік кәсіпорындардың экспорттау жағы тек Америка Құрама Штаттарында емес, сондай-ақ Еуропада да өсті. Ресей кеден қызметінің мәліметі бойынша, өткен жылдың 11 айында мұнай экспорты 3,8 пайызға артты.