Спорт

Зайнутдинов "Ростов" клубына ауысты

Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін ақжолтай хабар!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Қазақстан Ұлттық Құрамасының ойыншысы Бақтияр Зайнутдинов Ресейлік "Ростов" ФК-мен келісім-шартқа отырды.

20 жастағы Бақтияр өз карьерасын Әулиеаталық "Тараз" клубында бастаған болатын. Өткен жылы еліміздің маңдайалды клубы "Астананың" қатарына қосылып, алғашқы ойынның өзінде-ақ хет-трик жасап үлгеріп, жақсы ойын өрнегімен көзге түскен болатын. Осы маусымда Елордалық клуб сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 6 ойын өткізіп, 1 мәрте мергендігімен көзге түскен. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Құрамасы үшін Ұлттар Лигасы топтық кезеңінің 6 ойынына қатысып, 1 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген. Бақтиёр 2017 жылғы маусымда ең үздік жас ойыншы ретінде танылып, "Жыл жаңалығына" баланған.
Өткен маусымда Зайнутдинов "Астананың" 35 ойынына қатысып, 7 гол соққан және 2 голдық пастың авторы атанған.
Айта кетейік, дәл осы "Ростов" командасына қақпашы Стас Покатилов 2016 жылы ауысқан болатын. Дегенмен бірде-бір ойын өткізбеген Стас, Алматылық "Қайрат" ұжымына қосылған еді. Жас Бақтиёрге жаңа клубында тек сәттілік тілейміз!