Денсаулық

Медитация жасау трендке айналды ма?

Медитация ұғымы қазіргі таңда үлкен сұранысқа иә, неліктен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі жаңа технологиялар мен интернеттің адам өміріндегі орны бөлек заманда, барша қоғам өздерінің өмірін әлеуметтік желілер арқылы пәк таза және әдемі етіп көрсетуде. 

Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану - осының бәрі бұрыннан бері насихатталынып келе жатқан нәрселер емес пе, бірақ осыдан кем дегенде үш жыл бұрын оның қатарына "медитация" деген түсінік қосылды. Қайсысы әлеуметтік желідегі танымал аккаунтты қарамасаң,барлығы медитациямен айналысуда. Сонымен медитация деген не және неге адамдар онымен "шұғылданады?"

Ең алғаш медитация даосизм дінін ұстанатын Қытайда және буддизм діні пайда болған Үндіде орын тапты. Осыған байланысты, медитацияны адамдар діни жоралғы деп санайды. Шын мәнінде, ол - рух пен жанды тыныштыратын жаттығу. Егер спорт денеңізді шынықтырса, медитация -ойыңызды тазартып, ретке келтіреді.

Медитация арқылы әрбір адам өзінің ішкі әлеміне үңіліп, барлық рухани назарын жан дүниесіне бағыттап, санасын өзіндік мазмұнға терең батыра алады. Мамандардың айтып, түсіндіруінше, медитацияның негізгі мақсаты- нирванаға жету.Қазіргі заманда, қанатын кеңге жайып келе жатқан медитацияны адамдар,дәрігерлер осы өмірден толық кету үшін емес, психосоматикалық ауруларды емдеу, ішкі рухани әлемді тазартып, оны қалыпты тепе-теңдікке келтіру үшін пайдаланады.

Медитация арқылы адамдар өзін-өзі сендіру техникасын меңгеріп, аутогенді жаттығулармен эмоциялық ауыр жүктерден арылады, сабасына түсіп,миын басқа дабылдардан азат етеді,басын жағымсыз ойлардан шектеп, баста болатын ауыртпалықтарды жеңілдетеді.