Университетіме 85 жыл толды - на bugin.kz
Ayaulim - на bugin.kz Ayaulim

Жоғарғы білім бәріне қажет

Әр бір оқушы оқуға түсерде өз мамандығы мен ЖОО білім алу мекемесі туралы ойланады. 

Қазақта айтылғандай өмірде екі нәрседен қателеспеу керек бірінші-мамандық таңдаудан, ал екіншісі - жар таңдаудан. Бірақ мен мамандық таудаудан да, білім алатын мекеме жайлы да көп ойланбадым.

Себебі менің таңдаған мамандығыма байланысты нағыз майталмандарды дайындайтын ЖОО ол - әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті. Бұл жерде журналистиканың қыр-сырын, маңыздылығын оқытады. Тек қана заманауи журналистика ғана емес сонымен қатар ұлттық журналистиканы тереңдетіп қарастырады. Білім беретін ұстаздарда өз жұмыстарына бейжай қарамайтын,қаламдарынан тек жақсы туындылар туатын жандар.

ҚазҰУ студенттері бойынан талант пен өнерді байқауға болады. ҚазҰУ да білім алу біреуге арман,біреуге жаңа белестерді бағындыруға үміт беретін кеңістік. ҚазҰУ-студенттік шақтың қызықты өтуіне кепіл беретін ең беделді университет. Осындай алып университетімізге биыл - 85 жыл. Университетіміз жылдан-жылға көркейіп,өсіп, жылда дарынды мамандарды дайындай берсін. Мен ҚазҰУ ды таңдағаныма ешқашан өкінбеймін.

0 Пікір Кіру