Саясат

Трамп Ақ үйдегі кадрларды жұмыстан шығармақ

Импичменттің нәтижесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка көшбасшысы Вашингтондағы тағы бірнеше әкімшілік қызметкерлерін жұмыстан шығаруға уәде берді. Бұл туралы Телеграф хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ақ үйдің тағы бірнеше қызметкерін жұмыстан шығаруға уәде берді. Бұл тұста импичмент рәсімінің бөлігі ретінде америкалық көшбасшыға қарсы куәлік берген негізгі тұлғалар туралы сөз қозғалады. Журналистердің «Тағы да жұмыстан босатулар болады ма?» деген сұрағына, Трамп «Болғанда қандай, әлбетте» деп жауап берді.

Бұған дейін Ақ үйден бірінші болып Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы Украина бойынша сарапшы Александр Виндман импичмент рәсімі аясында Трампқа қарсы куәлік бергені үшін қызметінен босатылған болатын. 

Сонымен қатар, Трамп импичмент процесі кезінде сот отырысында қарсы куәгер болған ЕО елшісі Гордон Сондлендті де қызметінен босатты.