Экономика

174 мың адам іздестіріліп жатыр: Зейнеткерлер не үшін өтініш бермеген?

Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алу туралы өтініш бермеген. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігін тұрақты хабарлап тұратындығына қарамастан, 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген.

Хабарламада талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жеткені жазылған.

Сонымен қатар төлемдерін әлі алмаған азаматтарға қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электронды пошталарына хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қордың сайтында келтірілген мәлімет бойынша зейнет жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті мекенжай бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынылады.