Шолу
Қазақстан Жазушылар одағы байқау жариялады
Байқаудың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағы
Байқаудың ережесі
Байқауға қатысушылар «Алматы – өркениет ордасы» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей бес аталым бойынша бақ сынайды:
Поэзия;
Проза;
Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза);
Драма;
Қысқаметражды фильмге көркем сценарий.
Поэзия аталымы бойынша
Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:
Алматы қаласына арнау өлеңі;
Еркін тақырыптағы өлеңі.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;
Өлеңнің көлеміне шектеу қойылмайды;
Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;
Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Проза аталымы бойынша
Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза жазады.
Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздер арқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ Алматының өткен тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;
Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Балалар әдебиеті аталымы бойынша
Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздер арқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
Жазылған жұмыстың көлемі 6 беттен аспауы керек;
Шығарманың желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Драма аталымы бойынша
Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;
Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;
Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген пьесаларын жолдай алады. Сондай-ақ Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Қысқаметражды фильмнің сценарийі аталымы бойынша
Үміткер берілген тақырып бойынша қысқаметражды фильмнің сценарийін ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Қысқа метражды фильмнің желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
Сценарийдің көлеміне шектеу қойылмайды;
Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген сценарийлерін жолдай алады. Сондай-ақ Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.
Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде)
Байқаудың марапаттау кезеңі
Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ұйымдастыруымен («Астана» алаңында) дәстүрлі Наурыз мерекесінде өткізіледі.
Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері және эстрада әншілері қатысады;
Әр аталым бойынша:
Бірінші орын «Алматы – өркениет ордасы» атты лауреаттық диплом және 1 000 000 млн. теңге ақшалай сыйлық;
ІІ орын – Лауреаттық диплом және 500 мың теңге ақшалай сыйлық;
ІІ орын – Лауреаттық диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлық.
Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)
Қазақ хандығының бастауы болған мың бояулы қала Алматының және Жетісу өңірінің барлық саябақтарына үздік деп танылған шығармалардың үзінділері жазылған тақтайшалар орнату ұсынылады.
Байқауға қатысу шарттары
Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.
Өтініш беру үлгісі:
Қатысушының аты-жөні; қатысушының аталымы, шығармасының атауы; туған жылы, айы, күні; мекен-жайы; электронды мекен-жайы; байланыс нөмірі.