Саясат

Ресей мен Белоруссия біріге ме?

Путиннің ойында не бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Белоруссиялық әріптесі Александр Лукашенкоға екі мемлекетті біріктіру арқылы ірі держава құру туралы бірнеше рет көндіруге тырысқан. 

Бұл туралы Bloomberg агенттігі Кремльдегі екі дереккөзінен сүйеніп хабарлайды.

Олардың ақпаратына қарағанда, бұл жоспарды президенттер өткен жылдың желтоқсан айында талқылаған болатын, бірақ Лукашенконың үзілді-кесілді бас тартуына байланысты ақпан айында Сочидегі жеке кездесуде де келісе алмады. 

Агенттік сұхбаттастарының айтуынша, мұндай сценарийдің арқасында Путин президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін, жаңа одақтық мемлекеттің көшбасшысы ретінде билікте қалу мүмкіндігін қарастырған.