Weekend

13 ақпан күнгі кинопремьералар

Бүгін Гай Ричидің экшн-комедиясы, «Оскарлы» драма, Николас Кейдж ойнаған хоррор, кіші Роберт Дауни түскен фэнтези және басқа да қызықты премьералар шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олармен бірге отандық режиссерлер түсірген әлеуметтік драма да жарық көрді.

«Джентльмендер»(«Джентльмены» / «The Gentlemen»)[18+]: Гай Ричи режиссер болған картинада Мэттью МакКонахи, Чарли Ханнэм, Мишель Докери, Джереми Стронг, Колин Фаррелл, Хью Грант ойнайды.

Оксфордтың талантты түлегі кедейленіп қалған ағылшын аристократиясының үй-мүлкін пайдаланып, байлыққа кенелудің заңсыз жолын табады. Ол өз бизнесін АҚШ миллиардерлеріне сатпақ болады. Алайда оның жолына қауіпті джентельмендер тұрады.

«Төбеден жай түскендай»(«Скандал» / «Bombshell»)[18+]: Шарлиз Терон,Николь КидманжәнеМарго Роббиойнаған бұл драма «Оскардың» үш номинациясына ұсынылып, «Үздік грим және шаш үлгісі» аталымында жеңіске жетті.

Фильм Fox News телеарнасында жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу және жынысына бола бөліп-жару оқиғаларына қарсы тұрған әйелдер туралы баяндайды.

«Басқа әлемдік түс»(«Цвет из иных миров» / «Color Out of Space»)[16+]: Николас Кейдж ойнаған хоррор.

Фильм әйелімен және үш баласымен өркениеттен жырақта тұратынНэйтан Гарднер деген фермертөңірегінде өрбиді. Бір күні оның үйінің жанына метеорит құлайды, ал келесі күні жоғалып кетеді. Оның орнына түрлі түсті гүлдер өсіп шығады. Көп кешікпей отбасы мүшелерімен біртүрлі оқиғалар басталады.

«Дулиттл»(«Удивительное путешествие доктора Дулиттла» / «Dolittle»)[12+]: Хью Лофтингтің әйгілі шығармасына сүйенген фэнтези. Фильм кішіРоберт Дауни, Антонио Бандерас,Майкл Шин, Эмма Томпсон, Рами Малексекілді жұлдыздардың басын қосып отыр.

Сюжеті викториандық Англияда өрбиді. Жеті жыл бұрын әйелінен айырылған ветеринар дәрігер Дулиттл көпшіліктен оқшау өмір сүреді. Оның үйінде түрлі экзотикалық жануарлар бар. Бірде жас патшайым сырқаттанып қалады да, дәрігер оған ем іздеу мақсатымен алыс сапарға аттанады.

«Қыз бен теңіз» («Девушка и море»): отандық режиссерлер Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбеков түсірген әлеуметтік драма.

Фильмнің сюжеті БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің қиын тағдыры, оның армандары, махаббат және отбасы туралы баяндалады. Фильм «ARDI» оңалту орталығының қамқорлығындағы (мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы) Динара Шарипованың өмірінен алынған нақты оқиғаға негізделген.

Картина біраз халықаралық кинофестивалге қатысып, жүлде алды. Бұл фильмді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Алматы қалаларының көрермендері көре алады.

Сондай-ақ прокатқа шыққан басқа да фильмдер:

- «Мама: гостья из тьмы» («Cruel Peter») [12+]: итальяндық хоррор.

- «Капитан Саблезуб и Волшебный бриллиант» («Kaptein Sabeltann og den magiske diamant») [6+]: норвегиялық мультфильм.

- «Лёд 2» [6+]: ресейлік спорт драмасы. Фильм 14 ақпанда прокатқа шығады.