Weekend

«Өмірімді күлкі ұзартты»: Әлемдегі ең қарт ер адам анықталды

112 жастағы жапондық әлемдегі ең қарт ер адам деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гиннестің рекордтар кітабы Жердегі ең қарт ер адам ретінде 112 жастағы жапондық Читецу Ватанабені атады.

«Ватанабе әлемдегі ең қарт ер адам деп мұның алдындағы осы титулдың иегері Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында тұратын Масадзо Нонака 2019 жылдың 20 қаңтарында 113 жасында қайтыс болған соң танылды», - делінген хабарламада.

Аталып өтілгендей, Ватанабе 1907 жылдың 5 наурызында фермерлер отбасында туған. Ол Тайванға 20 жасында көшіп келіп, 18 жыл тіршілік кешкен. Жапонияға Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оралып, зейнетке шыққанша мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

Оның 5 баласы, 12 немересі, 16 шөбересі және бір шөпшегі бар.

Қазіргі уақытта ол Ниигата префектурасында Дзёэцу қаласында қарттар үйінде тұрып жатыр.

Ер адам денсаулығына шағым айтпайды, өмірін ұзартқан күлкі деп есептейді.

inform.kz