Саясат
Ақпарат қаншалықты рас?
Әлеуметтік желіде "Қытайдың Ухань қаласында вирус жұқтырғандарды атып өлтіріп жатыр" деген түрлі ақпарат тарауда.
Ақпаратқа дәлелдеме ретінде арнайы видео да ұсынылған. Видеода үш қару ұстаған азаматтың адамдарды атып жатқаны байқалады. Бұл видео екі апта бұрын Қытайда пайда болғаны белгілі болды.
China Pоst басылымының жазуы бойынша, видео монтаждалған және бірнеше видеолардың жиынтығы болып табылады.
- Бұл видеода тәртіп сақшыларының қызмет ету сәті, ауруханаға апара жатқан науқастардың және бірнеше фрагментінде қолдан жасалған көріністердің жиынтығы бар. Әрине, ешқандай да адамдарды ату жоқ, мұндай сарындағы ақпарат ақылға қонымсыз, - деп жазылған басылым сайтында.