Саясат

Адам болудың айласы

Сырың ішіңде болсын, ішіңді жарып бара жатса да сыртқа шығарма!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Сыр — өзіңнің құпияң, ол өзіңдікі ғана, оған ие бола алмасаң, қайта айналып басыңа шоқпар болып тиеді. Сырыңды ашсаң асқан ақымақ боласың, таяқты келісіп жейсің, қырсықтың үлкені сол.

Әдеттегі адамдардың бір ортақ кінәраты бар: сырын жасыра алмайды қуанышын да, қайғы-қасіретін де біреуге айтқысы келіп тұрады, тіпті, уақытқа, объектіге, орынға қарамай, өз сырын кім көрінгенге айта салады.

Шынында мұнда түрған ештеңе жоқ, жақсылық болса, елмен ортақтасасың, жамандық болса, оны іште сақтағаннан гөрі айтса болады, бірақ, "албатты" айтса болмайды, өйткені айтатын адамдарың бір-біріне ұқсамайды, сырыңды айтқанда сөз жоқ, "амал-айлаң" болыу керек, айтуға болатынын айт, айтуға болмайтынын әсте айтпа.

Сыр туралы байыпты болудағы себеп сыр айту әлсіздігіңді әшкерелейді. Осындай әлсіздігің елдің өзің жөніндегі әсерін өзгертүіне мұрындық болады, біреулердің сенің адамгершілігіңді ұнатқанымен, біреулер сені көзге ілмейді, ең жаманы, осал жағыңды біліп алған соң, күндердің бірінде ол бәсекелесің сені омақастыратын қаруына айналуы мүмкін, ондай болмаған күнің өзінде сақтана жүргенің жөн.

Одан қалса, кейбір сырларда қатерлік пен құпиялық араласып жатады, мысалы, қызметтегі желкеңе түскен ауыртпалықтар мен ол жөніндегі реніштеріңді, біреулер жөніндегі наразылықтарың мен сындарыңды қыбың ғана сыр қылып айтасың, оныңды кейбіреулер күндердің бірінде танауыңды тартатын қару қылып жұмсауы мүмкін, қайтып о мақасатыңды өзің де білмей қаласың.

Ендеше қыймас достарға сыр айтса болатын шығар! Бұған жауап тағы сол: албаты айта берме, сырыңды талғап айт, өйткені, қазіргі "қимас" досыңның болашақта "қимас" дос болып жүріуі екі талай, мұны түсніуің керек.

Үй ішіңдегілерге де сырыңды айта беріуіңе болмайды.

Мысалы, жарыңның сенің сырың жөніндегі түсінігі сен ойлағандай болмаса, соған бола сені қате түсінуіне, тіпті, сенің сырыңды біреулерге айтса . . .

Дегенмен, ішімдегіні тап деп тымпиып, тіс жарып сыр айтпауда жақсылық емес, өйткені, бүлай болғанда сен томаға-тұйық, сыр ашпайтын, байыбына барып болмайтын, жаныңа жан жуымайтын адам болып қаласың. Тегіннен осындай адам болсаң ғой бір сәрі, әйтпесе басқаларға мұндай әсер беруің әбестік болады.

Сондықтан, нағыз "Айлалы" адамның былай істегені жөн: кейде айналаңдағыларға келер-кетері жоқ кейбір "Сырларыңды" айтып, оларды өзің жөніндегі күдік-күмәннан арылт, сақтықтан ауашала.