Саясат

Желідегі Айсұлтан Назарбаевтың жазбасына Абаев пікір білдірді

Министр жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін кешке «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында сенат спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың  жайын сөз етті. Министр Айсұлтанның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларын  ашып айтпаса да, жұртты «жел сөзге ермеуге» шақырды. Сондағы министрдің бағдарлама соңында айтқаны мынау:

– Дәлелсіз ақпараттың бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіргенін көріп жүрміз. Бірақ бұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады. Және бұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келді. Оның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді. Ағайын, бұл бірінші кезекте оның анасының трагедиясы. Анаға баласынан қымбат не болуы мүмкін. Кейбіреулер осы оқиғаға елбасын да араластырғысы келеді. Шу жасап, елді дүрліктіруге тырысады. Бірақ халықтың бағына туған жақсымызды қаңқу сөзге қалай қиямыз. Өзіңіз ойлаңызшы. Экономикасы құлдыраған, өндірісі тоқтаған елді 30 жылда қазіргі деңгейге көтеру кімнің қолынан келеді? Қазақ қашанда ел үшін туған ерлерді бағалап, төбесіне көтерген. Абыройын сақтаған. Жел сөзге еріп жақсы істі жоққа шығармайық.

МӘЛІМ