Саясат

АҚШ Сенаты Трамптың әскери өкілеттігін шектеп тастады

Трампта бұған наразылық ретінде вето (тыйым) қоймақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Сенаты Иранға қарсы ел армиясын пайдалануда АҚШ президенті Дональд Трамп өкілеттігін шектейтін қарарды қабылдады. Бұл туралы Reuters 13 ақпанда хабарлайды.

Қарарды 51 сенатор қолдаған. Ал Конгрестің жоғарғы палатасының 44 өкілі қарсы шыққан.

Енді Иранға соғыс жариялау Конгрестің мақұлдауынсыз мүмкін емес болады.

Егер Иран АҚШ-тың әскери нысандарына немесе қызметкерлеріне шабуыл жасау қаупін төндірген жағдайда ғана Трамп күш қолдану құқығын сақтайды. Сондай-ақ, Трампқа «Әл-Каида» лаңкестеріне және олардың жақтастарына қарсы күш қолдануға тыйым салынбайды. 

Алайда Ақ үй басшысы Конгреске күш қолдану қажеттілігін түсіндіруі тиіс.

Трамп заң жобасына вето қоюды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Ақ үй қарарға жауап ретінде.