Журналист: Қазақ халқы дұнғандардан кешірім сұрауы керек  - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Журналист Гүлжан Ерғалиева қазақ халқы, оның ішінде билік, үкімет, қоғам – дұнғандардан кешірім сұрауы керек дейді. Бұл ойын журналист әлеуметтік желідегі парақшасында ортаға салды

Оның айтуынша армяндар Қарағандыда қазақтың өліміне себепкер болғанда, армян диаспорасы күллі қазақ халқының алдында кешірім сұраған. Осы арқылы өзінің саналы, арлы ұлт екенін дәлелдеген.


“Қазақтар дұнғандарға қол көтеріп, дүниені төңкерген тұста, біздің депутаттар да, билік те, қоғам да осы бір ат төбеліндей ұлттан кешірім сұраған жоқ.

Бұл оқиға қазақтың сүйегіне таңба. 

Мұны көрген болса, бабалар не дер еді? Қауқарсызға қол көтермейтін ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпағы секілді өзінен әлсізге әлімжеттік жасап, үйін өртеп, еркек кіндіктісін тентіретіп жібермес еді. Керісінше, кешірім сұрар еді.

Жә, бұлай жасауға намыстарың жібермесе, ендеше мен дайынмын.

Мен Қазақстан азаматы, Гүлжан Ерғалиева – Қазақстандағы дұнған диаспорасынан кешірім сұраймын. Қаза болған жақын-жұрағатына қайғырып көңіл айтамын.

Сіздерді қорғай алмаған біздің биліктің бейқамдығы мен жауапсыздығы үшін кешірім өтінемін. “Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған дұнғандар трагедиясынан кейін елде қаралы күн жариялануы керек еді.

Мемлекет өз тарапынан зардап шеккендерге өтемақы төлеп, осынау заңсыздыққа жол бергендері қатаң жазалауы тиіс.

Бұдан кейін мұндай сорақылықтың қайталанғанын қаламаймын. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын”, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев

2 Пікір Кіру
  • Макпал 16 Ақпан, 2020

    Тагы не дер екен осындай акымактар, саткындар

  • Макпал 16 Ақпан, 2020

    Дунгандарга шалды емес осындай саткындарды, терiсiнен журетiн акымактарды уру керек едi, мумкiн озiне пол кезде гана келер булар