Саясат
Семей соты қабылдап алды
«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы үшінші рет өтініш берген. Бұл туралы адвокат Нұрлан Бейсекеев facebook парақшасында жазды.
«2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шығу туралы үшінші рет өтініш берді. Оны 10 ақпанда Семей соты қабылдап алды», - деп жазды адвокат.
«Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кенорындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деп айыпталды. 2010 жылы сот шешімі оған ақша жымқырды және пара алды деген кінә тағып, 14 жылға сотталды. Қазір ол жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.
Семей соты 2018 жылдың 28 қарашасында Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ. Оған себеп - 99 млрд теңге көлемінде шығынды өтемеуі. Сот Мұхтар Жәкішев екінші рет өтініш жасағанда да (2019 жылдың 24 шілдесінде – ред.) келісімін берген жоқ.