Денсаулық
АҚШ-тың мемлекет хатшысының пікірі
АҚШ-тың мемлекет хатшысы Қытаймен көрші орналасқан Қазақстан және Өзбекстан секілді мемлекеттер коронавирусқа дайын еместігін атап өтті.
АҚШ коронавирусқа қарсы күресуге бөлген 100 миллион доллар бюджет тек Қытайға ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстанға да көмек ретінде көрсетіледі деп отыр Майк Помпео.
«Бізді лайықты инфрақұрылыммен (вирустан қорғану үшін) жабдықталмаған жерлердің болуы алаңдатып отыр. Мен Қытаймен шекаралас аймақтарда, Қазақстан мен Өзбекстанда болдым, олардың да коронавирус сияқты кез келген ауқымды қатерге төтеп беретін мүмкіндігі жоқ», – дейді Помпео журналистерге берген сұхбатында.