Weekend
Жақсылықтың нышаны емес...
Бразилия ғалымдары Антарктика аумағындағы ауа температурасының тұңғыш рет 20,75°С-қа жеткенін мәлімдеді.
Мұндай көрсеткішті Антарктиканың солтүстік түбегіндегі Сеймур аралындағы сынап бағанасы тіркеген, деп жазады The Guardian басылымы.
- Температураның жылынғанын бұрын да байқаған едік. Алайда мұндайды бірінші рет көріп тұрмыз, - деді Антарктикада климаттың өзгеруін зерттеп жүрген ғалым Карлос Шефер.
Жаңа температуралық рекордты енді Дүниежүзілік метереологиялық ұйымы растауы керек.