Саясат
Қайырымдылық қорлардың бүгінде маңызы мен орны қандай?
Қайырымдылық. Бір ғана сөз болғанымен, астарында үлкен мән мен мағына, терең ой жатыр. Бүгінгі қазақ қоғамында талай қайырымдылық қорлары жұмыс жасап, біраз мұқтаж жандар өз көмектерін алып, сәл болсын бақытқа кенеліп жатқаны өте қуантарлық жайт екенін мойындауымыз қажет.
Қоғамда ел қамы үшін жұмыс атқарып жатқан қайырымдылық қорлар аз емес. Бүгінгі күні біраз істі тындырып, ел алғысына бөленіп жатқан «Samruk Kazyna Trust» қорының жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, әлеуметтік жобаларының өзіндік дара ерекшеліктері бар екеніне көзім жетті.
Өзі біздің қазақта «Асар жасау», «Жылу жинау» деген керемет дәстүрлер бар емес пе еді, сол дәстүрлер осы қордың негізгі жұмысымен сабақтастық тауып, сәл өзгеше форматта жүргізіліп жатыр. Тоғыз жылдың ішінде 1 250 000 адамға көмек көрсетілгені мақтан тұтарлық іс. Оны мойындау қажет.
Бірнеше әлеуметтік жобалардың ішінде көзге түсіп, көптің көңілінен шығатындары «Жетім балаларсыз Қазақстан», «Әртүрлі және тең», «Менің елім» «Жеңіс» жобалары. Қазақтың мықты ақыны, қазақ әдебиетінде ойып алар орны бар Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтың бір жақсысы мен жаманы» атты өлеңінде: « Бір жақсысы- жесірін қаңғытпаған» дегені бар еді.
Қазақ о заманнан жетімін жылатпаған әрі жесірін қаңғытпағанына осы бір жолдар куә болары сөзсіз-ақ... «Samruk Kazyna Trust» қорының «Жетім балаларсыз Қазақстан» жобасы осы ретте ата-анаға зәру балалардың мұқтажын қамтамасыз етіп, олардың өміріне жарық түсіруге бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің мемлекет пен қоғам жетім балаларды асырап алуды, отбасылық түрдегі балалар үйлерін салуды көтермелеп қолдауға тиіс», - деп атап көрсеткен.
Әрбір бала бақытты болуға, бақытты өмір сүруге құқылы. Осы принципті өз жобаларының негізі етіп алған бұл қордың жұмысын көпге таныстырып, айту жөн деп білемін. Және қоғамда осындай игілікті істер жасайтын қорлар көптеп жұмыс жасайтын болса, еліміздің болашағы жарқын боларына кәміл сенім артамын.
2020 жылды еріктілер жылы деп жариялаған Тоқаев Қасым- Жомарт Кемелұлының «Волонтер болу - жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі» деп айтқан сөзі талай қайырымдылық қорлардың негізгі ұстанымы мен мазмұнын танытқандай...
Қайырымдылық жасау - ізітті іс!