Көзқарас

Бақытбек Смағұл Қордай оқиғасы жайлы: Әблязовтың орнында болсам, мен де солай істер едім

Жағдайдың ушығуына кім кінәлі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл "Азаттық рухы" тілшілеріне берген сұхбатында Қордайдағы жанжалдың тууы мен оған себеп болған мәселелер жайлы сөз қозғады.

Әңгіме барысында депутат Қордайдағы мәселенің бұрыннан бері қордаланып келе жатқан жағдай екенін әрі оған жергілікті құқық қорғау және атқарушы органдардың қауқары жетпегенін алға тартып, шындық халыққа жетуі керек еді деген ой түйеді.

Қордайдағы жағдайдың ушығуына шетелде жүрген Мұхтар Әблязовтың қатысы бар деген ойды алға тартады.

- Әблязов ашық ақпарат таратып отыр. Ол жақсы пиғылдағы адам емес. Шетелге жай қашып кеткен адам емес ол, ақшаны басып алып кеткен. Ол біздің биліктің әлсіз тұсын күтіп отыр, - деп мәлімдеді Смағұл.