Саясат
Bugin.kz : керемет мүмкіндік сыйлады!
Елордада өтетін жыл сайынғы қазақ тілді онлайн контент жасаушылар, медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлердің басын қосатын IV Форум 2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы, Hilton Garden Inn қонақ үйінде өтті.
Осы жылдар ішінде QazForum сарапшылар мен мамандар басын қосып, қазақ тілді онлайн медианың дамыту мәселелерін талқылайтын жалғыз алаң ретінде танылды. 2018 жылдан бері Форум аудиториясы кеңейіп, енді қатысушылар мен спикерлер кез келген онлайн ресуртағы қазақ тілді контенттің мәселелерін қарастыратын болды. Бұл форум нағыз тәжірибе алаңы, нағыз ел журналистерін бір арнаға қосқан кәсіби алаң. Форумда өзекті деген тақырыптар талданып, қызу пікірталастар өтті.
- Желіде қазақ тілді ақпаратты дамыту мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де маңызды. Қазір қазақ тілі жастар арасында танымал екенін байқап жүрмін. Мысалы мен Аламатыда 20 жыл бұрын жұмыс істегенде қазақша сөйлеп жүрген адамды сирек көретінмін. Біз қазақ тілді БАҚ кәсіби түрде өркендеп, дамуына үлесімізді қосқымыз келеді. Себебі, Қазақстанда қазір қазақ тілінде түрлі бағытта жұмыс істейтін 500-ге жуық редакция бар екен. Онлайн БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер үшін кәсіби біліктілігін арттыру тетіктерін қарастыру қажет, - деді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер.
Елдің 200 журналистін бір алаңға жинаған бұл Форумның маңызы зор екені айдан анық!