Қоғам
Қалаға 2 балл болып сезілген
15 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңертеңгі сағат 9.31-де қалада жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 242 километрде, Қырғызстан және Қытаймен шекара аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 11,3, ал магнитудасы 5.6.
Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласымен 2 балл болып сезілген.