Саясат
Украина қорғаныс министрі Андрей Загороднюктің мәлімдемесі
Украина Румынияға Қара теңіздегі Ресейге бірлесіп қарсы тұру үшін әскери-теңіз саласындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Андрей Загороднюк мәлімдеді.
Загороднюк өзінің румындық әріптесі Николай Чукемен Мюнхен конференциясы шеңберінде кездесті. Атап айтқанда, тараптар Қара теңіздегі әуе және теңіз жағдайы туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ ол екі ел де "Қара теңіздегі Ресей тарапынан туындайтын қауіп-қатер мен Қырымның милитаризациясына" алаңдаушылық білдіргенін атап өтті.- Бұл бізге аймақтағы жалпы қауіп-қатерлерге пәрменді әрекет етуге көмектеседі, - деп жазды Загороднюк.
Сонымен қатар, Украина Румынияға бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізуді және "Тиса" халықаралық инженерлік батальонының қызметін кеңейтуді ұсынды.