Саясат

Бізде ұлт емес, ұлт өкілдері тұрып жатыр

Антрополог Оразақ Смағұлов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы кездері елімізде ұлтаралық мәселе көтеріліп, жаппай түсініспеушілік фактілері тіркеліп жатыр. Ашығын айтқан кезде, Қазақстан деген мемлекетті жасап отырған ұлт бар. Ол– қазақ. Бұл жайында антрополог Оразақ Смағұлов былай дейді:

...Қазақстанда 130 дей ме, 140 дей ме ұлт тұрып жатыр дейді. Бізде ұлт тұрып жатқан жоқ, ұлт өкілдері тұрып жатыр. Оларды диаспора дейді. Сондықтан ұлтаралық деген сөзді айта алмаймыз. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақтар. Мысалы орыстар әрі Ресейде жүріп ұлт болады, Өзбекстанда, Қазақстанда, Иранда жүріп тағы ұлт болады. Ондай ғылыми-тарихи анықтама категория жоқ. Халық бір-ақ жерде пайда болады, өсіп-өнеді. Ал таралғандардың барлығы диаспора...Сондықтан тарихи дәуірде қалып қойған орыстар, дүнгендер, ұйғырлар, күрттер ешқайсысы ұлт болып саналмайды. Осыны сіздер жақсы түсіне біліңіздер. Бізде ұлтаралық емес, бір ұлт пен диаспоралардың арасындағы саяси-мәдени қатынастар бар...