Денсаулық

Короновирусты басқа адамға жұқтырғандар өлім жазасына кесілмек

Қылмыстың да түр-түрі бар...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

COVID-19 жаңа коронавирус симптомдары туралы қасақана жасыру немесе жалған ақпарат тарату қылмыстық іс болып саналады.

Қытай сотының жариялауы бойынша,тәртіп бұзушылар өлім жазасына кесіледі. Саяхат тарихын жасыру да қылмыс деп саналады, деп атап өтті сот.

Егер белгілі бір азаматтың ауруы салдарынан вирус одан әрі таралып, басқа да адамдарға жұқтырса, вирусты таратушы адам қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені үшін айыпталуы мүмкін, деп хабарлайды Dpa агенттігі қытайлық Beijing Daily газетіне сілтеме жасап.

Кейбір жағдайларда бұл 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесу арқылы жазаланады.

Сонымен қатар,  Қытайдың Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясы жөтел немесе аурудың басқа да белгілері бар адамдарға көлік, теміржол және әуе жолымен жүруге тыйым салды.