Саясат
Ойын білдірген
"Танымал Ресейлік сыншы Сергей Соседов "Евровидение" байқауына қатысушылар жайлы шорт-листті көргеннен кейін, Димаш үшін бұл байқауға қатысу әлі ерте екенін айтқаны белгілі болды", деп жазады sm-news.ru сайты.
Соседовтың сөзінше И.Крутоймен жұмыс барысында Димаштың репертуарына айтарлықтай ештеңе қосылмаған.
- Шаршаған аққулар жайлы іш пысырарлық әндер. Хит әндері жоқ болса, конкурсқа барудың қажеті қанша? Өзге лайықты кандидаттар жетерлік, — деген болатын Соседов.
Бұған дейін Димаш халықаралық байқауларға тек қана Қазақстанның атынан қатысатынын айтқан еді.