Bugin
Афроамерикалықтар көреді
Black News Channel (BNC) жаңа кабельдік арна – оның контентін толықтай қара нәсілділер афроамерикандықтарға арнап әзірлейтін алғаш арна.
Оклахомадан шыққан бұрынғы республикашыл сенатор, елге танымал кәсіпкер Джей Уоттстың бастамасымен құрылған 24 сағаттық арна 10 ақпанда іске қосылды.
Жаңа арна Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Атлантада (33 миллион тұрғын) алғаш көрсетілмек. Себебі бұл қалаларда статистикалық тұрғыдан қара нәсілділер тығыз орналасқан.
Арна негізгі бұқаралық ақпарат құралдарында назардан тыс қалатын мәселелерді сенімді және нақты бейтарап тұрғыдан жариялау үшін жасалған. Атап айтқанда, жаппай түрмеге қамалу, денсаулық, әл-ауқат және түрлі-түсті қоғамдастықтардың түрлі мәселелері айтылады.