Редактор бағаны

169 жыл тарихы бар газет жайлы не білесіз?

Сәлем сүйікті оқырманым!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

169 жылдық тарихы бар газет жайлы не білесіз? Бүгін сіздермен елдің бәрі таңдай қағатын «The New York Times» газеті жайлы ақпараттармен бөлісемін.

«The New York Times» газеті - күнделікті АҚШ басылымы. Қысқаша атауы - NYT, ал қазақша Нью-Йорктаймс. Танымалдылығы жөнінен Америкада үшінші орында тұр. Әрине бірінші-  «The Wall Street Journal», екінші орында-  «USA Today» газеті. 

1851 жылдың 18 қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында «New York Daily Times» деп аталатын «The New York Times» газетінің негізі қаланды. Бұл газет - журналист және саясаткер Генри Джарвис Рэймонд пен кезінде банкир болған Джордж Джонстың жобасы. 1851 жылдан бері тұрақты түрде басылып келеді.

112 рет Пулецеровский сыйлығын (журналистика саласына берілетін арнайы жүлде) ұтып алған.

Оның веб-сайты Америкадағы ең танымал сайттардың қатарына кіреді. Ал ұлттық газеттердің арасында бірінші орынды алып отыр.

Ай сайынғы оқырмандар саны 30 миллионнан асады.

Газет басылымының нұсқасы - ең үлкен жергілікті астаналық басылым, ал көлемі жағынан әрине құрама Штаттардығы үшінші орында.

The Times газетінің лақап аты «Сұрханым», ұзақ уақыт «Есептеме газеті» болып есептелген.

Ол International Herald Tribune  мен басқа 18 газет сияқты Нью-Йорк компаниясына тиесілі. Компанияның төрағасы – Артур Окс Сульцбергер, бұл әулет газетті 1896 жылдан бері басқарып келеді.

Газеттің ұраны - «Жаңалықтың барлығы да басылып шығарылуға лайықты!». Әрбір газеттің алғашқы бетінің үстіңгі сол жақ бұрышында жазылған.

The New York Times көп газеттер алты бағанаға көшкеннен кейін де бірнеше жыл газет өзінің сегіз бағанасын сақтады. Және түрлі-түсті фотосуреттерді қолданды.

Ал сіз бұл газет жайлы тағы қандай ақпарат білесіз? Жаза кетіңіз...