Қоғам

Елімізде 4%-дық микрокредит кімдерге беріледі?

Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4%-дан аспайтын микрокредит беріледі. Аталмыш жоба "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Оның айтуынша, көпбалалы және табысы аз отбасыдан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4%-дан аспайтын жеңілдетілген микрокредит беріледі.

Нұрымбетовтің айтуына қарағанда, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде табысы аз және көпбалалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған "Менің кәсібім" жобасы басталды. Сонымен қатар ол биыл "Жасыл экономика" коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырғандығын айтты.

Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Оның айтуынша, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор.

Ведомство басшысы аталмыш бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейінің қазір 4,8%-ті емес, 7,9%-ті құрайтындығын да ескертті.