Экономика

Blockchain өмірімізге түбегейлі енсе не болмақ?

Ал сіз Blockchain біздің қоғамға пайдалы болады деп ойлайсыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Интернетте революциялық идея болған. Біреу сенсе, біреу сенбеген. Blockchain технологиясы да өмірімізге енеді. Бұл жүйе арқылы біз қоғамдағы қаржылық айқындылыққа, қаражат пен уақытты үнемдеуге, қоғамның сенімін қалпына келтіруге қол жеткізе аламыз» дейді мамандар.

Blockchain өмірімізге енсе қандай мамандардан қоғамға қажет болмай қалады?

Бүгінде сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларыңыз тізбектеп сақталады. Мұны Blockchain технологиясы жүзеге асырады. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Бір кездері байқаусызда жол ережесін бұзған болсаңыз, досыңызға ақша аударсаңыз, интернет дүкеннен сауда жасасаңыз, тіпті, үйленгеніңізге дейін барлығы осы тізбекте сақталады. «Мен оны қағазға да жазып сақтай аламын ғой?» деп ойласаңыз, қателесесіз! Себебі Blockchain-де сақталған жазбаны өзгерте де, түзей де алмайсыз.

Егер бұл жүйе біздің өмірімізге түбегейлі енетін болса, несие тарихыңызды жаңартатын алаяқтар, өткен күнмен жазба жасай салатын ноториустер, айыппұлыңызды базадан өшіре салатын пысықайлар дәурені өтеді.

Демек Blockchain келсе ноториус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенттігі, бақылаушы сияқты делдалдар қажет болмай қалады. Сондықтан мамандық таңдауда жойылып кететін емес, болашағы бар мамандыққа назар аударыңыз.

Blockchain банк жүйесіне енсе, бірнеше бөлімдерін толығымен қысқартуға, банк операцияларының көп сатылы кезеңдерін азайтуға  мүмкіндік береді. Және бұл жүйе жемқорлықтың аяғына түсетін тұсау болмақ.

Айтпақшы уайымдамаңыз! Сіз рұқсат етпесеңіз сіздің жеке жүйеңізді ешкім көре алмайды.

Ал сіз Blockchain біздің қоғамға пайдалы болады деп ойлайсыз ба?