Экономика
4 жылда жинаған оқырманы
Сәлем, менің сүйікті оқырманым! Мен сенің күнделікті 7-8 сағатыңды әлеуметтік желілерде өткізетініңді білемін. Әрине басым бөлігін алатын Instagram желісі екені даусыз. Ал сен инстаграм жайында мынадай қызықты фактілер естіген бе едің? «Жоқ!» Олай болса бұл сен үшін!
1. Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастаған.
2. 2010 жылдың 6 қазанында Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде желінің қосымшасы пайда болды.
3. 2010 жылы Instagram-ның бір миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында 5 000 000 болды.
4. 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 000 000-ға жетті.
5. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-ға жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жеткен.
6. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatik және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінде жасайды.
7. Мобильді фотоқондырғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын қолданады. Қолыңдағы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4:3 – пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондармен үйлесімді.
8. Instagram App Store мен Google Play арқылы көпшілікке таралады.
Досым, сен Instagram жайлы тағы қандай ақпараттар білесің? Комментарийге өз парақшаңды қалдыра кет!