Weekend
Өлген адам денесін жерді құнарландыруға жұмсау
Өлген адамның денелерінің компостқа (органикалық тыңайтқыш) айналуы қоршаған ортаға оң әсер етеді. Мұндай тұжырымға америка ғалымдары алты мәйітпен тәжірибе жасаған.
Америка ғалымдарының пікірінше, өлген адамның мәйітін жою болашақта үлкен экологиялық мәселе тудыруы мүмкін. Тәжірибе ретінде зерттеушілер өлі денені органикалық материалдармен араластырып, компостта қолданған.
Денені бальзамдау үшін улы сұйықтық қажет, ал кремация атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөледі. Ғалымдардың айтуынша, компост жасау қоршаған ортаға жақсы әсер етеді.
Зерттеу басталғанға дейін ғалымдар мәдени және саяси қарама-қайшылықтарға тап болған. Мұндай эксперименттердің этикаға жатпайтындығы туралы мәселе әлі де ғылыми ортада талқылануда.