Саясат

Facebook пен Google әлемді интернетпен жаулау үшін қандай жобаларды іске асырмақ?

Қауіпсіз ғаламтор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болашақта «интернет желісіне және ақпаратқа тұрақты түрде қол жеткізу» - адамдардың күнделікті су ішуге құқы бар деген сияқты қарапайым ұғымға айналады. 

Интернетті тағы төрт миллиард пайдаланушыға қол жетімді ету үшін негізгі екі қиындықты жеңе білу керек:  қолжетімділік физикалық жағынан да, қаржы жағынан да шынайы болу керек.

Әлем бойынша ұялы байланыс операторлары интернет желісіне қосылуға рұқсат ету аумағы кеңейтуде. Facebook желісінің Internet.org жобасы 2017 жылы 17 елдің бір миллиардтан аса әлем тұрғынына интернет желісінің негізгі қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл ұялы байланыс операторларымен бірлесе жүзеге асырылды. Қазіргі таңда тіпті шалғай аудандарды қолжетімді бағамен интернетке қосуға бағытталған көптеген бастама жүзеге асырылуда: Facebook желісінің Internet.org жобасы ұшқышсыз интернет – дрондарды әзірлеуді қарастырып, Google компаниясының Loon жобасында оның әуе шарлары пайдаланылуда. Сондай- ақ SpaceX компаниясы бюджеті аз Жерсеріктік желілерге инвестиция салуда.

Бүгінде жер шарының 43% тұрғыны интернет желісіне қосылған. Тек 2014 жылдың өзінде 1,2 миллиард сматрфон сатылған. 2015 жылы ұялы телефондарды сату дербес компьютерлерді (ДК) сатудан 6 есеге асып түседі деп күтілген. 

Осындай тез қарқында смартфондардың сатылу себебі - интернет желісі таралу қарқыны жағынан кез- келеген медиаканалдан асып түседі. Ендеше бірнеше жылдан соң Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі интернетке тұрақты қол жеткізе алады деген сөз.