Экономика
Вирустың кесірінен
Қытай билігі коронавирус індетінен зардап шеккен аудандарда жиналған ақшаның бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Business Insider хабарлайды. Ақшаның қанша сомасы жойылатыны айтылмайды.
Ауруханалардан, базарлардан, автобустардан және басқа да инфекция тараған жерлерден жиналған банкноттарды Гуанчжоуда «көзін құртады».
Сондай-ақ, Қытайдың Орталық Банкі коммерциялық кредиттік ұйымдарға зарарланған аудандардан ақшаны бөлек сақтауға тапсырма берді. Жойылмайтын банкноттар дезинфекцияланады.
Ақша ультракүлгін сәулемен өңделіп, айналымға қайта шығарылудан бұрын екі апта бойы карантинге қойылады деп жоспарлануда.