Weekend
Ғаламдық жылыну
Антарктикада ауа температурасы алғаш рет 20 градустан жоғары болды, деп хабарлайды The Guardian бразилиялық ғалымдарға сілтеме жасап.
20,75 градусқа жеткен рекорд 9 ақпанда Сеймур аралында тіркелген. Басылымның айтуынша, рекорд үрдісті растап отыр: суық құрлықтағы және жақын маңдағы аралдардағы жылымық әлдеқайда жылдам болып жатыр.
Эсперанса аргентиналық ғылыми-зерттеу стансасы 6 ақпанда Антарктидада метеобақылау тарихында бірінші рет ең жоғары температураны тіркеді. Ол 18,3 градус нөлден жоғары болған.