Bugin
Араққа қару-жарақ бар
Ащы сусынға сылқия тойып келген ері, азанда ұйқысынан оянса аса әзірлеулі, киімі үтіктеулі, әйелі жұмысына кетіпті.
Аң-таң болған ері баласын шақырып алып, мән-жайды сұрап бастаған кезде баласы:
- Кеше сіз кешіккенніңізде анашым сіз үшін әбден уайымға салынып еді. Мас күйіңізді көріп, жейдеңізді шеше бергенде сіз: "Тиіспеңдер маған! Менің әйелім, бала-шағам бар!"-деп қол тигіздіртпедіңіз. Мас болсаңызда отбасыңызға деген махаббатыңыздан анашым көзіне жас алған еді.
Күйеуім ұрады,соғады. Үнемі ішіп келеді. Мені назарына да алмайды...
Қарап тұрсақ тағысы тағы, әйел адамының проблемалары да көбі көп-ақ, бірақ қайсы бірі ойланар дейсіз, сол істің артында өзі барын. Ерді көрге де, өрге де сүйреуші - әйелі. Қисық қабырғасынан жарала тұрып, оның бойындағы олқылықтарын толтырып, иманын күшейтіп, қолдау беру әйел затына тән қасиет. Оның әр күнгі шаршаулы күйіне түсіністікпен қарағын. Арасында ащы сусыннан дәм татуды жөн көрген күннің өзінде де, масайған күйінде оған жағыңды ашушы болма. Ертерек жатып, тынықтырып, азанда сөйлесуге дағдылан. Он бәленің тоғызы тілден екендігін ескеріп, сабырлық таныт. Өзі-ақ ертеңімен қатесін түсінетін болады. Ал ызыңдап миын жеумен, мас күйіндегі адамға ақыл айтуың теңізге тамшылап су құйғанмен тең.