Шолу

Копирайтинг деген не?

Копирайтер кімге керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Копирайтинг деп көзге ерекше түсетін, алайда қарапайым әрі түсінікті етіп жазылған мәтіндерді жазу машығын айтамыз. 

Әлемнің кез келген бұрышында отырып-ақ копирайтер тапсырыс орындай алады. Себебі мәтін жазу үшін ноутбук пен Wi-Fi-дан басқа ештеңе қажет емес. Сөз саптауыңыз жақсы, ойыңызды жүйелі жеткізудің шебері болсаңыз, копирайтерлікте бақ сынауға көруге болады. 

Копирайтинг кімге керек?

Офлайн және онлайн түрде жұмыс істейтін компанияға;

Тәй-тәй басқан және беделді компанияға;

Алып және кішігірім компанияға;

Интернетті жаулап үлгерген немесе интернеттен мақұрым компанияға;

Өсіп-дамуды қалайтын кез келген компанияға.

Копирайтинг қай кезде/салада керек?

Маркетингте;

Сауда жасау барысында;

Бизнес құру кезінде;

Инстаграм жүргізгенде;

SMM менеджерге.

Копирайтинг туралы 3 миф

Біріншіден, копирайтинг – ресми емес жұмыс дейді. Бірнеше клиентпен не екі-үш компаниямен келісімшартқа отырсаңыз, ЖК (ИП) ашыңыз. Сөйтіп мемлекетке тиесілі 3%-ды төлей отырып, ресми жұмыс істеңіз.

Екіншіден, интернетте мұзға отырғызу көп дейді. Өтірік хабарландыру беріп, айтқан сөзінен тайқып, әртүрлі алаяқтық әрекетке баратындар бүгінгі таңда интернетте жоқтың қасы. Қазіргі кезде интернетте бәрі шынайы. Екінің бірі ғаламтордың көмегіне жүгінеді.

Үшіншіден, интернетте жұмыс жоқ деп қорқытады. Бұл да өтірік. Керісінше, клиенттің бәрі әлеуметтік желіде күндіз-түні отырады. Әсіресе, инстаграмның копирайтерге берері көп. Себебі бизнесі бар, алайда жазба жазуға уақыты жоқ кәсіпкерлер жетіп жатыр. Олардың барлығына қызықты әрі сауатты мәтіндерді уақытылы жазып жіберетін копирайтерлер ауадай қажет. Өзін беделді санайтын кез келген компанияның жеке сайты барын ескерсек, ғаламтордың әр бұрышында копирайтерге жұмыс бар.