Weekend

«Ауғанстан ақиқаты» атауымен кездесу өтті.

Ауған күштері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы жыл КСРО әскер күштерінің ауған жерінен шыққанына 31 жыл толып отыр. 

Қатпар тарих беттерінде Ауған жеріне әскер күштерін енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси Бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілген болатын.

Табиғаты мен тарихы өзгеше күнді ұмыт қалдырмау мақсатында "Құрық орта мектеп-гимназиясында" тарих пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ауғанстан ақиқаты" атауымен кездесу өтті.

Тәлім жиынына мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысып, ауған соғысының ардагерлері: Нукешов Марат Құбайдуллаұлы мен Компаев Омар Орысбаевичке алапат уақыт кезеңінде бастан өткергендерін әңгімелеп беруге шақырды. Мақсат: жас ұрпақты ерлікке, бауырмал дос болуға шақыру.

Сондай-ақ жиында мектебіміздің ардагер ұстазы Алиева Ғалия, ауған соғысында ерлікпен қаза тауып, "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері атанған бауыры Сәлімжан Алиев туралы жарқын естеліктерімен бөлісті.

Кадиршеева Болғын,

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі