Адамның тағдыры есіміне байланысты ма? - на bugin.kz
Құндыз Шаймұрат - на bugin.kz Құндыз Шаймұрат

Баланың есімін дұрыс қоюға ата-анасы жауапты


Жалпы адамға таңдалған есім болашақты таңдаумен бірдей. Яғни, ата-анасы жауапкершілікті сезіне білуілері керек. Себебі көп балалы отбасыларда немесе ұлды зарыға күтіп жүрген бірнеше қыз балалардың ата-аналары аса қатты мән бере бермейді.

Ал ес біле бастаған балаға есімнің мағынасын түсіндіріп, санасына сіңіре беру керек. Бұрын ата-әжелеріміз немерелеріне ерінбей, айтып отыратын. Атыңа лайық бол деп оның бойына есіміне сай қасиеттерді сіңіріп, жақсы қабілеттерін жетілдіретін. Қазір түсініксіз есімдер көп. Ал есімнің түсініксіз болуы баланың өзіне деген сенімін жоғалтады.Кей жағдайларда бала не мағына беретінін білмегендіктен әрі түсініксіз болғандықтан өз атынан өзі намыстанады.

Түбінде балалардың мазағына айналуы мүмкін. Сонымен қатар өз есімін қабылдай алмай, есейе келе мүлдем бас тартуға мәжбүр болады.Мысалы, Арман деген есім қазақтарда ауыр ат болып есептеледі. Соны үйде дастархан басында баланың есіне сала берсе, ол болашақта ауыр тағдыр күтіп тұрғанын болжап қояды. Алдында кездескен қиындықтарды да тағдырынан көріп тұрады.

Егер ата-ана балаға белгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктей бастайды. Мысалы, Айнұр деген ат өте көп кездесіп жатады. Алайда қызға ол атты айдай сұлу, жүзі нұрлы болсын деп қойғанын түсіндірсе, тіпті бет-пішіні сұлу болмаса да, ол ішкі жан дүниенің сұлулығына мән беретін болады.


0 Пікір Кіру