Саясат
Жүргізушісіз көлік болады дегенге сенесіз бе? Иә-иә! Қате оқымадыңыз мұндай көліктер жасалып жатыр. Оларды – автономды көліктер деп атайды
АҚШ-та жалпы көлік жолының 10%-ын жүргізушісіз автокөліктер құрайды. Мұндай көліктер жолаушы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Көлік ішіндегі уақытыңызды тиімді пайдаланып ұйықтап алсаңыз, болмаса өз жұмыстарыңызға назар аударып, телефон қоңырауларына жауап беріп отыра аласыз. Жүргізушісіз көліктердің қуаттануына 30 минут жеткілікті және орын таңдамайды. Электр қуаты қағидасы 100% жасыл технологияға негізделген. Ауаны ластамайды. Ең бастысы қарттар мен мүгедектер үшін өте тиімді болмақ.
Сәйкесінше, бұл технологияның да қоғамға теріс ықпалы бар: біріншіден, жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп кетеді. Жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыссыз қалады. Автокөлік шығаратын кәсіпорындар тоқырауға ұшырайды. Екіншіден, мемлекет қоймасына түсетін ақша азаяды. Себебі ақылды көліктер жол ережелерін бұзбайтын болғандықтан, жол жүру ережелерінің бұзылуынан түсетін кірістер қысқарады. Үшіншіден, бұл көліктер толығымен цифрландырылған болғандықтан хакерлік- кибершабуылдар құрбанына айналу қаупі бар.
«Ақылды» көліктер жайлы қызықты ақпараттармен таныс болыңыз:
1. 2015 жылдың қазанында Tesla компаниясы соңғы жылдары АҚШ- та сатылымда болған, жаңартылған, жартылай автоматты жүргізу функциясына ие автомобильдер жасап шығарды.
2. Google компаниясы 2020 жылға қарай барлық азаматтар үшін жүргізушісі жоқ автокөлікті сатуды жоспарлауда.
3. Жүргізушісіз автокөліктерге рұқсат беру заңын (автономды) алғашқы болып 2012 жылы Америка Құрама Штаттарының бірі (Невада) қабылдады.
4. 160 км/ сағ жылдамдықпен ұшатын EHang 216 дрон – таксиі 2025 жылға қарай 400 мың доллор бағамен нарыққа шығарылады деп күтілуде.
5. 2015 жылдың жазында екі хакер қозғалыстағы көліктің көрсеткіш құралдарын, рөлін, тежегішін және оның прибор панельінің функцияларын, жабдықтарды басқаруды жүзеге асыра отырып, көліктің ішіне енуге әрекет жасаған.
Сүйікті оқырманым, автономды көліктер жайлы талдау сіздерге пайдалы болса, өз пікірлеріңізді комментарийге қалдыра кетіңіз.