Саясат
Естімеген елде көп...
Англияның Хай-Уиком қаласының мэрі Жарғы қамқоршыларының жыл сайынғы жиналысында сайланады. Сондай-ақ, Жарғы қамқоршылары негізінде оның мүшелерінің бірі әріптестерінің қала әкімі болуына ұсынылады.
Ең қызығы қала мэрінің салмағын жыл сайын өлшеп тұратын болған. Оны өлшеу дәстүрі 1678 жылдан басталды. Салмақ өлшеу рәсімі Уайт Харт көшесіндегі алаңда өтетін болған. Егер мэрдің салмағы, жұмысын бастанға дейінгі көрсеткіштен асқан болса, онда «халық қазынасына қол сұқты деген айып тағылған». Мұндай жағдайға түскен басшыға қала тұрғындары қызанақ немесе жұмыртқа лақтырып, әбден балағаттайтын болған.
Айтпақшы, бұл дәстүр әлі күнге дейін жойылмай, жалғасын тауып келе жатыр. Сіздің ойыңыздағы елге осындай заң орнатса көп әкімнің үсті бұлғанар ма еді?